19 наурыз күні Алматыда сенбілік өтеді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы әкімдігі тұрғындарды 19 наурызда Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтетін жалпы қалалық сенбілікке қатысуға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сонымен қатар сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту әрі жинау жоспарланып отыр. Жаппай ағаш егу да жоспарланған.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшысын, оның ішінде ПИК, ЖКБ басшыларын қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуді сұраймыз. Сенбілік уақыты: сағат 9-дан 12-ге дейін, – делінген хабарламада.

Сенбілікке 2 000-нан астам коммуналдық қызмет жұмысшылары мен 400-ден астам арнайы техника шығады.

Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.

Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар тізімі:

1) Алатау ауданында «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтар аумағын жинау жоспарланған.

2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.

3) Әуезов ауданында – Сайран көлінің батыс жағалауында.

4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағында.

5) Жетісу ауданында – Гүлдер саябағында.

6) Медеу ауданында – Речка Казачка көшесі «Восточка» ТК артында.

7) Наурызбай ауданында – №7 ҚКА-ның іргелес аумағында және Абай даңғылының бойымен Алатау даңғылының шығысына қарай.

8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыраларда.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды