Нұр-Сұлтандағы үлкен айналма жол учаскесі бес айға жабылады

Сурет: pixabay
25 наурыздан 15 тамызға дейін республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан қаласындағы Солтүстік-Батыс айналма жол учаскесі жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық маңызы бар Р-10 Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының төртінші шақырымында орын алған апатты жағдайға байланысты аталмыш жолдың 1,4 шақырымынан бастап алты шақырымына дейінгі учаскесі биылғы жылдың 25 наурызынан 15 тамызына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмақ.  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы тұрғындары мен қонақтарына, сондай ақ барлық транзиттік жүргізушілерге балама жолдың бары ескертілді.

Сурет: ru.qaj.kz

Жеңіл көлік иелері қала ішімен, яғни Лесозавод елді-мекені арқылы жүре алатындығын, ал жүк көлік иелері үшін Шығыс айналма жолының бар екенін еске саламыз. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Құзырлы мекеме туындаған барлық сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 колл орталығына қоңырау шалуға болатынын ескертті.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады