Петропавлдағы әйелдер колониясында «Ауылдар сайысы» өтті

Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бұл мекемеде әлеуметтік жағдайы әртүрлі 230-дан астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Олар Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше сайыс өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз бүгін «Ауылдар сайысын» көрсетеміз – бұл екі ауылдың жарысы. Біз өз күшімізбен дайындалдық, әкімшілікпен келісіп, костюмдер тігіп, нан жауып, көже пісірдік. Мұндай іс-шаралар ұжымды өте жақсы біріктіреді.Cотталған Әлия Дәуренбекова.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Оксана Вышардың айтуынша, бұл шаралар сотталғандарды түзеу мақсатында ұйымдастырылады.

Әрбір іс-шарада сотталғандар мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталады, ол жеке іске енгізіледі де, кейін сотталғандардың оң мінез-құлық дәрежесі ретінде айқындалады.СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Оксана Вышар.

Сайыс барысында сотталғандар екі ауыл болып бөлініп, шешендік өнерден, нан өнімдерін пісіруден, халық ауыз әбедиетіндегі атақты туындылардан көрініс қоюдан жарысып, шығармашылық қабілетін паш етті.

Сотталған әйелдерге байқау жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кез-келген өмірлік жағдайда оң шешім болатынын көрсетті.СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты