Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ: Алматы қаласының алдағы үш күндегі ауа райы

Сурет: pixabay
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласының 25-27 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде қалада жаңбыр, қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 наурыз – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +7...+9°С.

26 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +12...+14°С.

27 наурыз – бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстан күші 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +6...+8°С.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті