Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты жауын-шашынға, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алаптарында 25 – 28 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды», – делінген хабарламада.

25 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Петропавл қаласында 25 наурызда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с, күндізгі екпіні 25 м/с болады.

Түнде және таңертең 25 наурызда Қарағанды облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Орал қаласында 25 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

25 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с болады.

25 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23 м/с болады.

Өскемен қаласында 25 наурыз күні түнде жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Семей қаласында 26 наурызға қараған түні жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болатын жел соғады.

25 наурызда Маңғыстау облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Ақтау қаласында 25 наурызда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде желдің екпіні 15-18 м/с болады.

25 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігін, орталығын тұман басады.

Қазақстан
Қызылорда
Ақтөбе
Қарағанды
Ақтау
Өскемен
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы