Қазақстан қант экспортына тыйым салуды жоспарлап отыр

Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда министрлігімен ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттаудың кейбір мәселесі бойынша бірлескен бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 99) және шикі құрақ қантты (ЕЭОС сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы 1701 13, 1701 14) әкетуге тыйым салу енгізілсін, – делінген құжатта.

Құжат 4 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Бұған дейін Ресей 2022 жылдың 31 тамызына дейін қант пен шикі қантты ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салғаны хабарланған еді. Қантты экспорттауға тыйым салу үшінші елдерге экспортқа қатысты, ЕАЭО-ға жеткізу Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсаттар негізінде ғана мүмкін.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда қант тапшылығының жоқ екенін және ел қоры үнемі толықтырылып отыратынын хабарлады. Алайда еліміздегі дүкендерде қант тапшылығы уақытша болып, кейін бұл тауар жаңа бағамен пайда болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз