Жасөспірім пойыздың «тоқтату кранын» жұлып алды

Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға Атбасар станциясында «Нұр-Сұлтан – Арқалық» бағытындағы жолаушылар пойызын жөнелту кезінде болды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 жастағы баланың әкесі пойыздан тұрақ кезінде шығып, қайта оралуға үлгермей қалған. Қорыққан жасөспірім теміржол көлігін тоқтату үшін «тоқтату кранын» жұлып алды. Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин

Көліктегі полиция департаменті бастығының айтуынша, баланың әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы яғни, теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті