Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер тоқтатылып, кейбірі кейінге қалды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен ауа райының қолайсыздығына байланысты көп рейс тоқтатылды. Кейінге қалдырылғаны да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанымен рейстер кешігіп жатыр. Ұшып келетін 36 рейс, ұшып кететін 28 рейс кейінге қалдырылды.16 рейс тоқтатылды. Себеп: Елордадағы ауа-райы және ұшақтың кешігіп келуі, - дейді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Әнуар Шәлекенов жолаушылар әуежайдың ақпараттық қызметі мен авиакомпаниялардың байланыс орталықтарына хабарласып, кешігулер мен рейстердің тоқтатылуы туралы сұрауын өтінді.

Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында қарды күреу жұмысы жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болып жатқандықтан жолаушылардың сақ болуын сұраймыз.Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов

Еске салайық, 29 наурызда әуежай қатты жел мен көру нашарлығына байланысты жұмысын тоқтатқан еді. 30 наурызға қараған түні елорда әуежайы жұмысын қайта бастады.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек