Қарлы боран мен көктайғақ: Нұр-Сұлтанның үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтанда 30 наурыз бен 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада бұрқасын, көктайғақ, қатты жел бола береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 30 наурызда қалада көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, қар, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, 25 метр. Ауа температурасы +1...-3°С.

31 наурызда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Ал түнде жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +2...+4°С.

1 сәуірде көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа күші секундына 5-10 метрге жетіп, ауысады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +2...+4°С болады

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы