Мейрамбек Беспаев АҚШ-та концерт беріп, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ

Сурет: instagram/m_besbaev
2 сәуірде АҚШ-тың Филадельфия (Пенсильвания) штатында Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербектің концерті өтеді, деп хабарлайды ZAKON.KZ.

Қазақстандық әншілер шетелде өтетін концерт туралы Instagram-дағы жеке парақшасында жазды. Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек концерттен түскен табыстың бір бөлігін қайырымға жұмсамақ.

Құрметті достар, концерттен түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ. Қасиетті Рамазан айын жақсы ниеттен бастайық. Ат салысыңыз! – деп жазды әншілер хабарландыруда.

Екі әнші де қазір Америка құрама штаттарында жүр. Мейрамбек Беспаев продюсер, блогер Серік Аббас-Шахты белгілеп, ағылшын тілін үйрену керек екенін жазды. Сонымен қатар Ғазизхан мен Мейрамбек Наурыз мейрамын да АҚШ-та атап өтті. Қазақстандықтарға сол жақтан сәлем жолдады.

Қос әншінің концерті 1 сәуір күні Огайода, 2 сәуір күні Филадельфияда өтеді. Желі қолданушылары олар үшін қуанып жатыр. Оқырман «Қазақтар шетелді бағындырып жатыр» деп қуанды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды