Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір қалалық жедел қызмет «жарылғыш зат қойылды» деген нысандарды тексеріп жатыр.
Сурет: Zakon.kz
Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Үш нысан тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалған нысандар тексеріліп жатыр.Салтанат Әзірбек
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Айта кетейік, полицейлерге Қарағандыдағы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі орталыққа дереу аттанды.