"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, күндіз оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Қарағандыда түнде тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Күннің екінші жартысында Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күн бұзылады деп күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ойысып екпіні 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде ол 25 м/с жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.
7 сәуірден 9 сәуірге дейін:
Алматы тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін;
Іле және Жетісу Алатауы тауларында, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстік аумағында кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, екпіні 25 м/с жетеді;
Қостанай облысының өзен бассейндерінде ауа температурасының одан әрі көтерілуінің болжалуына байланысты қар қарқынды еріп, сең жүреді және су деңгейінің көтерілуі мүмкін деп күтіледі.
Құтқарушылар азаматтарды ауа райының өзгерісіне мән беріп, сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болатынын еске саламыз.