Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы мөлшері артады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға арттыру жоспарланды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 20 191 теңгеге, ең төменгі зейнетақыны 48 032 теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болса, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.

Құжат жобасы 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды