Жапондықтар Димаштың әндерін орыс тілін үйренуге пайдаланады

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Жапонияның ең ірі The Open University of Japan университетінде орыс тілін үйрену бойынша курс ашылды. Сол курс бағдарламасында студенттерге Димаш Құдайбергеннің әнін жаттау ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Open University of Japan – күншығыс елінің ең танымал университеттерінің бірі. Онда 80 мыңға жуық студент оқиды.

Dimash.news Instagram парақшасының хабарлауынша, биыл сәуір айында университет орыс тілін оқыту бойынша жаңа курс ашты. Курс әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрістен тұрады. Курс аясында студенттер Димаш Құдайбергеннің «Я скучаю по тебе», «Знай» және «Любовь уставших лебедей» атты 3 әнімен танысады. Курс барысында студенттер 3 сәуір мен 10 шілде аралығында Димаштың әндерін 3 рет тыңдайды.

Дәрістер тек Жапонияда таратылады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді