Жаңаөзендегі теміржолда локомотив жеңіл көлікпен соқтығысып қалды

Сурет: Zakon.kz
Соқтығыс видеоға түсіп қалған. Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 8 сәуір күні таңертең болған.

«Жаңа жол» ЖШС жеке кәсіпкерлігі аумағында орналасқан теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. «Балдырған Орг» ЖШС меншігіндегі TEM2 жеке локомотиві жолаушылар вагонымен соқтығысты.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екені атап өтілді. Қазір тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жол жүру ережесіне сай қозғалысқа қатысушы темір жолды кесіп өту кезінде ерекше сақ болу керек екенін еске салады. Көлiк құралының жүргiзушiсi белгiленген жол белгiлерiн, жарық және дыбыс белгiлерiн, шлагбаумның орнын сақтауы қажет. Жол ережесін сақтай отырып, теміржолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады