Нұр-Сұлтан әкімдігі ботаникалық бақтағы өлі балықтарға қатысты түсініктеме берді

Сурет: Facebook.com/samal.ibrayeva
Елорда тұрғындары ботаникалық бақтағы су қоймасы өлі балықтарға толып қалғанын айтып, дабыл қақты. Әкімдік су қоймасының жасанды екенін және суару жүйесі мен субұрқаққа ғана арналып жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ботаникалық бақтағы суреттер Самал Ибраеваның Facebook парақшасында жарияланған еді.

Есіл ауданының әкімдігі бұл жасанды су қоймасы балыққа арналмағандықтан, мұнда балық өсірмейтінін түсіндірді.

Балық шабақтары су қоймасына табиғи жолмен Нұра каналы арқылы түсуі мүмкін. Күн райы суытқан кезде, су қоймасының тереңдігі 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін екенін ескерсек, су қоймасы түбіне дейін толығымен қатып қалады. Су қоймасы жасанды болғандықтан, қыста тесіктер көмектеспейді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомство су қоймасын тазалау жұмысын аудан әкімдігі күн жылынғанда қолға алатынын атап өтті.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты