Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте бұрқасын болады, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. «Қазгидромет» РМК
Алматы облысының шығысында, синоптиктердің болжауынша, күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста жел күшейеді, екпіні 29 м/с болады.
Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады, желдің күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында – найзағай ойнап, жел күшейеді: екпіні –15-20 кейде 23 м/с.
Маңғыстау облысында – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз 23 м/с шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында – желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының шығысында – тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.