«Алтын орда» базарына жүргізілген тексеру қорытындысы айтылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы «Алтын Орда» базарын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айдар Әбілдабеков «Алтын Орда» Орталық Азиядағы ең үлкен базар екенін, оның аумағы шамамен 28-29 гектар болатынын айтты.

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша базар қызметіне тексеру жүргізілді. Салық органдарының өкілдері 1,6 млрд теңгеге заң бұзушылықты анықтады. Оның 1,1 миллиард теңгеден астамы қазірдің өзінде өтелді. Ветеринария саласына қатысты да заң бұзушылықтар анықталды, көптеген нысандар тиісті рұқсатсыз салынған. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков

Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 761 базар болса, соның 515-і азық-түлік базары.

Бұл ретте ол еліміздің барлық базарларын заманауи сауда орындарына айналдыру мақсатында жаңғырту жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы