Балабақшаға қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова Сенат кулуарында Нұр-Сұлтандағы балабақшада ерекше бүлдіршін соққыға жығылғанын айтып, тексеру жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші вице-министр тексеру аяқталғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі балабақшалардың жұмысына қатаң шаралар қолдануды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Министрлік бұл өте қиын жағдай екенін мойындайды. Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Сондықтан қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шарасын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, мұғалімдерге де талапты күшейтеміз. Балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшалардың кейбірінен лицензиясы алынуы да мүмкін.Шолпан Қаринова

Оның айтуынша, балабақшаларға қойылатын талаптарды қатайту нормалары қазірдің өзінде министрлікте қарастырылып жатыр.

Сәуірдің басында желіде Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде баланың соққыға жығылған видеосы тараған еді. Осы факті ҚР Қылмыстық кодексiнің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Осы ретте білім басқармасы балабақшаның жекеменшік екенін және оған мемлекеттік тапсырыстың қолданылмайтынын еске салды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр