Нөсер жауын Жамбыл облысының тұрғындарын әбігерге салды

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Нөсер жауыннан Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы таулы аймақтарда бірнеше сағат бойы тоқтаусыз жауған жауыннан сел жүріп, елдімекендерді шайып кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен жауын суы Өрнек ауылының халқын әбігерге салды. Бұқараның бірлігінің арқасында тасқынға тойтарыс берілді, деп жазды ktk.kz.

Түн жарымда ұйқыдан тұрған халық кетпен-күрек алып, тіпті кейбірі ауыр техникаға отырып суды бөгеп әуреге түсті. Таудан өзек қуалай келген топан су арнасынан тасып, үйлерге қауіп төндірген.

Соңғы дерекке сүйенсек, екі ауылға тиесілі бес көпірді су шайып тас-талқанын шығарған. Көлік қатынасы қиындап, жұрт айналма жолмен жүруге мәжбүр болды.

Әкімдік қазір лай су тартылып, жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. , Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің айтуынша, Сәлімбай ауылындағы көпір қалпына келтірілген.Қазір Өрнек ауылындағы көпір қалпына келтіріліп жатыр. Жарлысу ауылында бір үйдің, Көкдөненде бір үйдің ауласына, Ақыртөбе аулында төрт үйдің ауласына су кірген.

Үйлерге зақым келген жоқ. Мал, адам шығыны болған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты