Жел мен найзағай: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pxhere
«Қазгидромет» синоптиктері 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ертең Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Шаңды дауыл болуы мүмкін. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстік пен шығыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.«Қазгидромет» РМК

Қостанайдың оңтүстігінде, солтүстік-батыста, Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз шығыста, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батысында, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды ​​облысының батысында күндіз найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанды.

Алматы облысында Жалаңашкөл маңында жел екпіні секундына 18-23 метр күшейеді.

Түнде және таңертең солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Сонымен қатар шаңды дауыл болады деп болжанды.

Күндіз Павлодардың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде солтүстік-шығысында найзағай ойнайды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті