Қаңтарда жазатайым құрбан болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударылды

Сурет: Zakon.kz
Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне «Қазақстан халқына» қоры ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.«Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі

Қордың дерегі бойынша, санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңге болды.

Қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.«Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қор өкілдері Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық қаза тапқан азаматтардың отбасыларына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін төлемақы берілетінін еске салды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды