Рамазан айында Қазақстанда қанша адам ауыз бекітті – статистика

Сурет: pixabay
Қоғамдық саясат институты Рамазан айында ораза ұстағандар жайлы қызықты деректерді алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

SocioExpert хабарлағандай, респонденттердің 35,2% - ы ораза ұстаған. Ауыз бекіткендер саны басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің оңтүстік өңірлерінде жоғары: Жамбыл облысында (65,6%), сондай-ақ Шымкент (60,1%) және Алматы қалаларында (53,6%).

Сұрақ-жауап алынған адамның жасы неғұрлым жас болған сайын ауыз бекіту ықтималдылығы жоғары болған: 18-29 жас аралығында бұл респонденттердің 41,1%, 61 жастан асқан қазақстандықтар арасында тек 27% ораза ұстаған.

Ауыз бекіткендер арасында ауыл тұрғындарына қарағанда (30,1%) діндарлар (38,5%) көп. Оразаны ер адамдар (34,3%) мен әйелдер (35,7%) бірдей мөлшерде ұстады.

Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 12,3% - ы ұстанатын сеніміне адал, оның барлық талаптарын сақтайды.

Зерттеулер осы жылдың сәуір айында жүргізілді, оған барлығы 6800 респондент қатысты.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды