Қазақстанда жаңа туған нәрестелер арасында ең көп тараған есім – Рамазан мен Медина

Сурет: unsplush
Ұлттық статистика бюросы қасиетті Рамазан айында жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде қасиетті Рамазан айында дүниеге келген 1085 ұлға Рамазан есімі, ал 430 қызға Медина есімі қойылған.

Екінші ең танымал ерлер есімі - Айсұлтан. 248 ұлдың атын Айсұлтан деп қойған. Үшінші орында Әлихан есімі. Жаңа туған 174 нәрестеге Әлихан есімі қойылған. Төртінші орында Нұрислам (141), бесінші орында Әмір (128).

Әйел есімдері арасында Медина көш бастап тұр. Осылайша 430 қыз аталды. Екінші орында Раяна (383), үшінші орында Айша (343) есімі. Сонымен қатар сәуір айында Қазақстанда 257 Айлин мен 201 Асылым дүниеге келген.

Биылғы қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырға дейін жалғасты. Мұсылмандар Ораза айтты 2 мамырда тойлап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды