«Хабар 24» арнасының директоры болып Айгүл Әділова тағайындалды

Сурет: Facebook/Берік Уәли
«Хабар 24» арнасына жаңа директор келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айгүл Әділова «Хабар 24» арнасының директоры болып тағайындалды. Бұған дейін телеарнаның директоры Динара Бисембина болған еді.

Айгүл Әділова – белгілі тележурналист. Ақтөбеде дүниеге келген. Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Ол «Бірінші Еуразия» және «Астана» телеарналарында қызмет еткен. Сонымен қатар «Хабар» арнасында жаңалықтар және аналитикалық бағдарламалар директоры болды. Журналистік зерттеу бөлімінде жетекші болып та қызмет етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады