Алматыдағы 28 базарды жаңғыртуға 25 млрд теңге инвестиция тартылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгінде Алматыда 52 базар жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнесін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қазірдің өзінде 28 базар жаңартылған.

25 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға ұлғайды, – деді Оразалин баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, спикер қазір 16 қалалық базарда жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын өтап өтті. Оның төртеуі осы жылдың соңына дейін аяқталады. Олар: «Байсат», «Қазына», «Кенжехан» және «Барыс – 4».

Нәтижесінде біз сауда жағдайын жақсартып қана қоймай, антисанитарлық жағдай мен стихиялы сауданы тоқтатамыз, базар жұмысшылары жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады, саудадан бюджетке түсетін салық шегерімдері ашық болады, – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі