Алматы тауларында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады

Сурет: Zakon.kz
Таулы өңірлерге қатты жауын-шашын түсуі болжамына сәйкес, 4-6 мамыр аралығында Алматы облысы және Алматы қаласының маңындағы таулы аудандарда су тасуы әрі өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрметті азаматтар, қатты жауын-шашын, яғни нөсер жаңбыр жауған кезде ғимаратта немесе үйде қалғаныңыз дұрыс! Көліктеріңізді ағаштың астына қалдырмауға тырысыңыздар! "112" дабылды ескерту хабарламасы мен бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, радио таратқан ақпараттарға құлақ түріп, сақтық шараларын сақтаңыз! Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Казгидрометтің болжамынша, Алматы қаласында 4-6 мамыр нөсер жаңбыр жауатыны болжанады. 5 мамырда бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, найзағай жарқылдайды.

Сондай-ақ 3-5 мамырда Алматы тауларында қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік- шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, 25 метрге дейін жететіні ескертіледі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды