Алматыда жоғалған 10 жасар бала табылды

Сурет: pixabay
Алматыда жоғалып кеткен он жасар бала аман-есен табылды. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, еріктілер, Ұлттық ұлан және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геннадий Рагутmко 10 мамырда үйінен шығып кетіп, оралмаған. 11 мамыр күні оған іздеу салынды.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, жедел бөлімше, ювеналды полиция және сыртқы қызмет қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылған.

Бала бұған дейін де үйінен кетіп қалып, қайта оралып жүрген. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Instagram желісіндегі @kogam_almaty парақшасында Геннадийдің қайда екені туралы ондаған нұсқа пысықталып, бірнеше бағытта ондаған шақырым жол жүрілгені жазылды.

Біз бірнеше ұқсас баланы көрдік, өкінішке қарай, олар жай ғана ұқсас болып шықты. Бірақ содан кейін телефонға хабарлама келді – баланы еріктілер тауып алды. Іздестіру топтары, еріктілер, Ұлттық ұлан және Түрксіб ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қоян қолтық жұмыс істеді. Іздеу аяқталды, – делінген хабарламада.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды