Ауыл шаруашылығы министрлігі қант бағасы өспейтінін айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы қант бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі қант бағасы әлем бойынша өсіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда баға тұрақтылығы байқалады – қант бағасы 400-500 теңге аралығында.

Кейбір дүкендерде қанттың бағасы 500-600 теңгеден жоғары екені айтылып жатыр, алайда бұл сауда желілеріне байланысты. Жалпы, қант бағасы тұрақты болады, бірақ ол шикізат құнына тәуелді. Қазақстандағы қанттың 70 пайызы қант құрағынан өндіріледі. Қазір қант өнеркәсібін дамыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Менің ойымша, жыл соңына дейін қант бағасы күрт өспейді. Ербол Қарашөкеев

Министрдің айтуынша, Қазақстанда қазір шикізатпен толық қамтамасыз етілген төрт зауыт бар.

Болжам бойынша, мамыр айында шамамен 32-35 мың тонна, ал маусым айында 40-45 мың тоннадай қант өндіріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды