Алматыда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 21 мамыр күні кешке қалада нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейтінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, департаменттің хабарлауынша, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Құрметті азаматтар, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауған кезде ғимараттар мен үй-жайларда болыңыздар. Қатты қажет болмаса, сыртқа шықпағандарыңыз жөн. Көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыздар! Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Алматы тауларында дауылды ескерту жарияланды.

Алматы тауларында 21 мамырда кешке, 22 мамырда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Жел екпіні 29 м/с жетеді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Туристерден тауға саяхаттап шығу жоспарын кейінге қалдыруға кеңес беріледі.

"112" қызметінің құлақтандыру белгілерін және бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың ескерту хабарламаларын назардан тыс қалдырмау сұралады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты