Дүниежүзіндегі өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарды – ДДҰ

Сурет: unsplash
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович COVID-19 пандемиясы кезінде өмір сүру ұзақтығының екі жылға қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы өлім-жітімді есептеу туралы жаңа деректі жариялады. Соған қарап, пандемия кезінде біз әлемде өмір сүру ұзақтығы екі жыл қысқарғанын байқап отырмыз.ДДҰ Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович

IV Халықаралық «Health age. Белсенді ұзақ өмір сүру» конгресінде сөйлеген сөзінде Мелита Вуйнович қазір өмір сүру ұзақтығы 72 жарым жастан 71 жасқа дейін қысқарғанын айтты. Мұндай қысқару 1950 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Сонымен қатар Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус инфекциясы таралуы әлемнің 70 елінде өсіп келеді. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс бұл өсім COVID-19-ға тестілеудің күрт қысқаруы аясында және шектеу шараларының алынып тасталуымен байланысты деп түсіндірді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы