Екатеринбург облысынан келетін циклон Қазақстан аумағына әсер етеді және республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК
Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, көктайғақ болады. Солтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте, батыста, тауларда желдің күшеюі 15-20м/с, түстен кейін жел екпіні 25м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды. Найзағай кезіндегі жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түнде оңтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнайды. Батыста түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл. Желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай, көктайғақ, бұршақ, шаңды дауыл. Күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с, оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с болады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жел күші – 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында топырақ бетінде 2 градус аяз болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.