Бұл үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялаумен ұштасқанға референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда тыйым салынады.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев
Ол осы күндері – үгітке тыйым салынған кезеңде ол жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жауаптылық туындайтынын атап өтті.
Сондай-ақ ведомство өкілі басқа біреу үшін дауыс беру заңмен қудаланатынын ескертті.
Екі немесе одан да көп рет не басқа біреу үшін дауыс беру немесе учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғатынына да назар аударамыз.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев
Бас прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.
Жоғарыда келтірілген заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, олар туралы ден қою шараларын қабылдау үшін прокуратура органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев