Солтүстік антициклонының жотасы еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады. Қазақстанның қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, солтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшейюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. «Қазгидромет» РМК
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші түнде 5-10, күндіз 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде 2-7, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С болады.
Ақмола облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел күшейеді, күндіз оңтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз бұршақ, дауыл, шығысы мен таулы аудандарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының тауларында дауыл, солтүстігінде шаңды дауыл соғады, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының түнде солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде солтүстігінде күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ, дауыл, желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында бұршақ, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, Семей қаласында төтенше өрт қауіпі сақталады.