Референдум күні елордада қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Сурет: Zakon.kz
5 маусым (жексенбі), яғни референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ елорда әкімдігі 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілгенін еске салады.

Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Осылайша, кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру басталған бері 34 миллионға жуық сапар жасалды, делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы