Бурабай ұлттық паркінде балшыққа батып кеткен бұғы құтқарылды

Сурет: видеодан скриншот
Аскания бұғысын Бурабай ұлттық паркінің орман шаруашылығы инспекторы құтқарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бурабай ұлттық паркінің Instagram-дағы парақшасында балшыққа батып бара жатқан бұғыны құтқарған сәттен түсірілген видео жарияланды.

Жаз мезгілі құстар мен жануарлар үшін әрі қуаныш, әрі сынақ. Барлығы адамның қатысуынсыз болатын табиғи орманда кеңістік басқаша. Иесі ретінде инспектор орманға қамқорлық жасайды, оны қорғайды. Құлаған, қураған ағаш орман экожүйесін реттейді, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Алайда кейбір түрлер үшін құлаған ағаштар мен батпақ кедергіге айналады. Бірақ біздің инспекторлар бұл кедергілерден өтуге көмектеседі. Назарыңызға Бурабай орман шаруашылығы инспекторларының Аскания бұғысын құтқарған сәтінен видео ұсынамыз, – деп жазды ұлттық парктегілер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты