Бізге жұмысты жеделдетіп, шұғыл қажеттілікті сезіне отырып, әрекет ету керек. ДДСҰ-ға мүше барлық елдерін барлығымыз және болашақ ұрпақ үшін жаңа патогендер жөніндегі ғылыми-консультативтік топпен (САГО) толық көлемде әріптестікте жұмыс істеуге шақырамын, – деп келтіреді ТАСС Гебрейесустың сөзін.
Оның пікірінше, барлық гипотезаларды бірін қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін дәлелдер пайда болғанша қарастыра беруді жалғастыру керек. Сондай-ақ ДДСҰ басшысы SARS-CoV-2-нің шыққан жолы туралы мәселені саясиландырудан аулақ болу керек деп санайды.
Саясиландырудың алдын алу үшін кез-келген ел ашық түрде және үкіметтің араласуынсыз мәліметтер мен үлгілерді бөлісіп отыруы керек. Ғылыми жұмыстың сәтті болуының жалғыз жолы - SARS-CoV-2-нің алғашқы жағдайлары туралы хабарлама түскен Қытайды қоса алғанда, барлық елдердің толық ынтымақтастығы", - деп сөзін қорытындылады Гебрейесус.
САГО құрамына 20-дан астам сарапшы кіреді. Олар, атап айтқанда, Ресей, Австралия, Бразилия, Германия, Үндістан, Қытай, АҚШ, Франция және ОАР мамандары.
2022 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша ДДСҰ-ға пандемия басталғаннан бері 530 266 292 адам инфекция жұқтырғаны және 6 299 364 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.