Energyprom.kz сайтында атап өтілгендей, электр энергиясының бағасы үшінші жыл қатарынан өсіп келеді.
Сарапшылардың бағалауынша, 2022 жылғы мамырға қарай бағаның өсуі бірден 8,7% болса, бір жыл бұрын – 7% болған еді.
Электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін тарифтер тұтыну көлеміне байланысты 2022 жылғы мамыр айында 1-деңгейдегі 100 кВт/сағ үшін 1456 теңге, 2-деңгейдегі 1891 теңге, 3-деңгейдегі 2354 теңге болды. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін тарифтер 100 кВт/сағ үшін сәйкесінше 1479 теңге, 1907 теңге және 2376 теңгеге өсті, делінген хабарламада.
Сондай-ақ басылым осы жылдың қаңтар-сәуір айларында электр қуатын өндіру 40 млрд кВт/сағ болғанын, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға аз екенін жазды.
Электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-наурызда 30,4 млрд кВт/сағ болды.