Лимузиндерге көлік салығы қалай есептеледі

Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салық қай ставкамен есептеледі және қандай жағдайда өсімпұл есептелмейді? Бұл сұраққа ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық заңнамасына сәйкес лимузиндерге қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынады. Есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Сондай-ақ, көлік салығының ставкасы бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен және ел аумағына әкелінген күніне байланысты.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады:

  • 3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда – 15 АЕК (45 945 теңге);

  • 4 000-нан жоғары – 117 АЕК (358 371 теңге).

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады:

Комитет өкілдерінің айтуынша, лимузиндер бойынша көлік құралдарына салықты есептеу көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтер негізінде іске асырылады.

Бұл норма 2011 жылдан бастап қолданылады.

Бұл ретте салықты қате есептеген жағдайда салық органы талап қою мерзімі (үш жыл) шегінде есептелген салық сомасын қайта қарауға құқылы.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес, салық органы жеке тұлғалардан көлік құралдары салығының есептелген сомаларын қайта қараған кезде тиісті салық кезеңі үшін салық төлеу мерзімі басталғаннан кейін өсімпұл есептеу жүргізілмейді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: