Бір қазақстандық айына 1,5 келі қант жейді

Сурет: pixabay
Қазақстанда тәттіні тұтыну аздап төмендеді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында жан басына орта есеппен 10,3 келі қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерден келді. Бұл көрсеткіш былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1,3% аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түйіршіктелген қант жан басына 4,5 келіден болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар–наурыз айларымен салыстырғанда 7,2% артық. Елдегі құмшекердің айлық тұтынылуы жан басына шаққанда шамамен 1,5 келі болды, деп жазады Еnergyprom.kz.

Құмшекерден бөлек елімізде балмұздақ (жылына 2,6%) пен шоколад та (0,5%) көп сатып алынған.

Рафинад қантты тұтыну 27,6%, жан басына шаққанда 113 граммға дейін төмендеді. Тосап және джем (27,4%, 547 граммға дейін), сонымен қатар шоколад жалатылған кәмпиттер (11,2%, 687 граммға дейін), бал (0,3%, 293 граммға дейін) және басқа да тәттілерді (2,8%, 3,7 кг-ға дейін) тұтыну төмендеді.

2022 жылдың бірінші тоқсанында қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерді ең көп тұтыну Алматы (Орта есеппен жан басына шаққанда 12,46 келі) және Түркістан (11,28 келі) облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында (11,27 келі) тіркелді.

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкент (6,9 келі), Атырау (7,95 келі) және Шығыс Қазақстан (8,52 келі) облыстарында байқалды.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, биыл мамыр айының қорытындысы бойынша қалаларда 1 келі құмшекердің бағасы 439 теңге болды.

Ең қымбат қант:

Ең арзан қант:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін