Жаңбыр және қатты ыстық: Қазақстандағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
Қазгидромет 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде жел мен жаңбыр, оңтүстігінде қатты ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктердің болжамынша, 23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз 23 маусым Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусым Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусым Қостанай облысының оңтүстігінде, 23-25 маусым Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық болады.

25 маусымда Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық 45 градусқа жетеді. 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады