42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Тоғыз өңірде дауылды ескерту жарияланды

25 маусымда еліміздің тоғыз облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Қарағанды облысының батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ұлытау облысының батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса отырып 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 42-44 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Таулы аудандарда шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Талдықорғанда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында 38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 36 градусқа дейін ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-шығысында 35-37 градус қатты ыстық болады деп болжанады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: