«Үйде болыңыз»: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға үндеу жасады. Олар азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын ұстануға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 маусымда Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Сонымен қатар 35-39 градусқа дейін күшті ыстық болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті үйде болуды ұсынады. Күн тиген жағдайда дереу көлеңкеге өтіп, салқындау қажет. Салқын су ішу ұсынылады.

Сонымен қатар аптап ыстық кезінде дала өрті қаупі артады.

Айта кетейік, 29 маусымда еліміздің кей өңірлерінде қатты ыстық болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы