Аптап ыстық, нөсер жауын, бұршақ – 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Синоптиктер бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді: еліміз бойынша жел күшейіп, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағайлы жаңбыр, солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.«Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжауынша, күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Алматы облыстарында, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7, күндіз екпіні 12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +22+24°С, күндіз +35+37°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты