Есмағамбетова: «Сары» аймақ – қандай да бір шектеулер енгізуге негіз емес

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Zakon.kz-ға Қазақстанда қандай жағдайларда карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Есмағамбетова қолданыстағы құжаттарға қарасақ, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "жасыл" немесе "сары" аймақтарда шектеулер қолданылмайтынын еске салды.

"Қызыл" аймақтар қатары көбейе бастағанда шектеулер енгізіледі. Бұл - бүгінгі жағдай. Әрине, біз эпиджағдайды қадағалап отыратын боламыз. Шектеу қашан енгізіледі дейсіз бе? Шамадан тыс жүктеме түскен кезде, яғни біз жоспарлы медициналық көмек пен шұғыл медициналық көмекке зиян тиюіне жол бермеуіміз керек. Осыған сәйкес, біз байқап көреміз, денсаулық жүйесіне тым артық жүктеме түсіп жатса, онда мүмкін, қандай да бір шектеу шараларына ораламыз. Бірақ қазір мұндайға жол жоқ. Айжан Есмағамбетова

Сонымен қатар, ол Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймақта қалып отырғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймаққа жақындап келеді, тіпті "сары" аймақтың өзі қандай да бір шектеулер енгізуге себеп емес. Айжан Есмағамбетова
Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз