«Шымкентте балалар жоғалып жатыр»: желіде тараған ақпаратқа полицейлер пікір білдірді

Сурет: unsplash
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жан түршігерлік хабарламалар таратып жатыр. Бұл жолы WhatsApp мессенджерінде Шымкентте із-түзсіз жоғалған балалар туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, дауыстық хабарлама авторы қазірдің өзінде қалада мектеп оқушылары жоғалуының бірнеше оқиғасы тіркелгенін айтады. Ал оқушы қыздардың бірі Қытай шекарасынан табылып, оны Telegram чаттары арқылы алдап кеткен деген болжам бар.

Бұл ақпаратқа қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

WhatsApp желісінде бәзбіреулер Шымкентте балалар жоғалып жатқаны туралы аудиожазбаны таратып жатыр. Бұл факті бойынша полиция департаменті бүгінге дейін қалада мұндай балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлайды. Таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі

Сонымен қатар департамент тұрғындарды әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз