Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

Сурет: Zakon.kz
13 шілдеде Алматының Медеу және Жетісу аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Шектеулер жылу желілерін жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды