Президент жекеменшік балабақшалар жұмысын сынға алды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректеріне тоқталып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үкіметке балабақшаларды лицензиялау тәртібін қайта енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес. Қасым-Жомарт Тоқаев

2011 жылы балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібін тоқтады. .

Мемлекет бұл қадамға амалсыздан барды. Өйткені мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен барынша қамтуымыз керек болды. Бұл ретте, жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды.

Осы орайда мемлекет басшысы енді балабақшалардың қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, балалардың қауіпсіздігі үшін лицензиялау тәртібін қайта енгізуді ұсынды.

Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты