Қазақстанда «Базз Лайтер» мультфильмі көрсетілмейді

Сурет: видеодан скриншот
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елімізде қызу талқыланған «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді, – деп жазды министр Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

«Базз Лайтер» – мультфильмдегі басты кейіпкер астронавттың есімі. Мультфильм жас көрермендерге арналған және жас шектеуі 6+. Мұндай мультфильмдерді әдетте бүкіл отбасы көреді.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл мультфильмнің қызу талқылануына ондағы екі әйел кейіпкердің бір-бірімен сүйісуі себеп болды. Қазақстандықтар мультфильмді таратуға тыйым салуды талап еткен петицияға белсенді түрде қол қойды. Олар ЛГБТ өкілдерін көрсететін фильмнің Қазақстан кинотеатрларынан берілгенін құптамайды.

Бұған дейін бұл мультфильмді Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы және Малайзия сияқты елдерде көрсетуге тыйым салынған еді. Барлығы 14 ел бұл мультфильмге тыйым салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады