Жол-көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемін енді сотқа жүгінбей-ақ алуға болады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жол-көлік апаты мен сақтандыру төлемдерін рәсімдеудің оңайлатылған тәртібі енгізгелі жатқанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді қазақстандықтар сақтандыру оқиғасын полицияның қатысуынсыз реттей алады және сақтандыру төлемдерін сотқа жүгінбей-ақ ала алады. Барлық үдеріс мобильді қосымша арқылы жүргізіледі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министр бұған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануы ықпал еткенін атап өтті.

Алайда мынадай талаптар сақталуы қажет:

Министрдің сөзінше, бұл жаңашылдық жүргізушілерге уақытын үнемдеуге және түрлі мекемелерді араламай-ақ мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға қолайлы және тиімді жағдай жасау үшін 2023 жылы еурохаттама бойынша рәсімдеу жүйесіне көшуге дайындық іс-шараларын жүргізіп жатыр.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді